USD474.83EUR515.38RUB5.5

Еріктілер жылы қамқорлығымен!

05 ақпан 2020, 09:15
2020 жыл Қазақстанда Еріктілер жылы қамқорлығымен өтуде, яғни елдегі еріктілер қозғалысы жаңа, қуатты серпін алады.
Еріктілер жылы қамқорлығымен!

2019 жылдың 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзекті міндет қойды- «азаматтардың,әсіресе жастардың,студенттер мен оқушылардың ерікті қызметке қатысуын кеңейту,оларға белсенді өмірлік позиция дағдыларын қалыптастыру.Бұл азаматтық қоғамды нығайту жөніндегі біздің жұмысымыздың маңызды бөлігі»

Бүгінгі күнде заманауи Қазақстанда еріктілер қозғалысы бұрыннан дамып келе жатыр, бұл үшін біздің ведомство да өз үлесін қосуда.Және негізгі бағыт әлеуметтік еріктілік болады,онда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға,қарттарға,азаматтардың әлуметтік қорғалатын санаттарына(қолайсыз отбасылар,аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылар,мүгедек жандар) төтенше жағдай саласында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге(өрт қауіпсіздігі,судағы қауіпсіздік,су тасқыны кезеңіндегі,сондай-ақ жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздік) баса назар аударылады,-деп атап өтті Семей қаласы ТЖБ бастығының міндетін уақытша атқарушы Ернар Жалелов.

Қандай жоспарлар,алға қойған мақсаттар бар,қаламызда еріктілер қозғалысын белсендіру үшін не істеу керек,осы сұрақтарға жауап табу мақсатында 2020 жылдың 3 ақпанында Семей қаласы ТЖБ Дағдарыс орталығында төтенше жағдай қызметкерлері, «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері, , «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанаты ШҚОФ қалалық бөлімшесінің басшысы Алмаз Айтмұқаш бастаған еріктілер тобы бас қосты.Бұл кездесудің басты мақсаты-азаматтардың,халықтың жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне саналы,жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру;

  • -төтенше жағдайда тұрақты практикаалық дағдыларды және мінез-құлықты меңгеру;
  • -тіршілік қауіпсіздігі мәдениетін дамыту бойынша сұрақтарға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару;
  • -еріктілер қозғалысын дамыту.

Біздің өңірде қазіргі күнде 60-қа жуық еріктілер клубы және қозғалысы бар.

Бүгін өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанаты ШҚОФ Семей қалалық бөлімшесі және ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД «Семей қаласы ТЖБ» ММ қол қойды.Бұл Меморандум ізгі ниет актісі болып табылады.

«Jas Otan» жастар қанатының еріктілері құтқарушылармен бірге төтенше жағдайдың алдын-алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар,акциялар,флешмоб т.б іс-шаралар өткізетін болады.

«Jas Otan» жастар қанаты ШҚОФ Семей қалалық бөлімшесі басшысы Алмаз Айтмұқаш «Jas Otan» жастар қанатының еріктілерінің құрамына қаланың ЖОО мен колледждерінің 3000 астам студенттері кіретінін және біздің қаламыздың азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдан келгенше көмек көрсетуге дайын екендерін атап өтті.

Кездесу қатысушылары тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін көтеру мәселесу бойынша іс-қимылды және ынтымақтастықты нығайту туралы келісті.

Кездесу және Меморандумға қол қою барысында жастар өздері қызығып жүрген сұрақтарды койып өздерінің ұсыныстары мен ойларын айтуға мүмкіндік алды.

ШҚО ТЖД Семей қаласы ТЖБ

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar