Бұл аудандарда рейдтер өткізіліп тұрады,оның мақсаты-мұз үстіндегі қайғылы оқиғалардың алдын-алу.
Осы демалыс күндері кезекті рейд өтті, оның барысында мұз асты балық аулау әуесқойларымен мұздағы қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру-әңгіме жұмыстары жүргізілді.
Патрульдеу жұмыстары Ертіс өзенінің маңында, жергілікті балықшылардың көп шоғырланатын жерлерінде жүргізілді.Мамандар балықшыларға қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы,мұз бетіндегі қауіпті аудандар туралы және одан аулақ болу керек екендігі туралы, мұзға шығу әрдайым қаіпті екендігі туралы және сол үшін әр балықшыда байланыс құралдары мен құтқару құралдары болуы керек екендігі туралы айтып түсіндірді.
Сонымен қатар ағзаның салқындауы және шамадан тыс салқындауының алдын-алу туралы сұраққа көңіл бөлінді.Қыс мезгіліндегі балық аулаудың маңызды элементтері - сенімді әрі жылы орын,желден қорғайтын құрылғы және ыстық шай құйылған термос.
Еске сала кетейік,төтенше жағдай орын алған жағдайда «101» немесе «112» құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз.
Бүгінгі таңда құтқарушылар 1486 адамды қамтитын 67 рейд өткізді,1390 адамға нұсқау берілді,1874 жадынама таратылды.
ШҚО ТЖД Семей қаласы ТЖБ