USD443.85EUR474.3RUB4.8

Боранда жоғалған адам табылды

28 қараша 2022, 11:05
26 қараша күні таңертең Үржар ауданы, Қарақол ауылының тұрғыны Сыдықов Жайық үйінен малын іздеуге шығып, қатты суық пен боранның салдарынан жоғалып кетеді.
Боранда жоғалған адам табылды

Ауыл тұрғынының хабарсыз жоғалып кеткендігін естігеннен кейін ауылдық округ әкімі Марат Мұсабаевтың жедел әрекет етуімен ауыл тұрғындары

Утепов Архат, Қожахметов Нуржан, Амирханов Оралбек, Қоныратов Балқаш, Каримтаев Даниар, Қасымжанов Дулат сияқты азаматтар іздеуге аттанады.

Ауыл тұрғындарынан құрылған топтың іздеуі нәтижесінде жоғалған адам табылып, үйіне аман-есен оралды. Ауыл азаматтарының береке-бірлігінің арқасында адам өмірін сақтап қалды.

 

Қарақол ауылының тұрғындарына, бейбіт заманның батырлары болған азаматтарға алғысымызды білдіреміз!

Сонымен қатар, қолайсыз ауа-райында сымдардың үзілуіне байланысты Үржар ауданының бірнеше ауылында электр қуатының болмауына байланысты орын алған проблемалар шешілді. Бұл мәселе қазір толығымен реттелді.

Сонымен қатар, кеше 92 шақырымда ауа райының нашарлауына байланысты Үржар ауданы бағытында көлік кептелісі пайда болды. Барлық жолаушылар жақын маңдағы мектептер мен мешіттерге орналастырылған болатын. Таңғы сағат 6-да көлік қозғалысы ашылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar