«Жыланды негізгі мектебі» КММ-інде 1-9 сыныпқа дейін оқытады. Мектепте 69 бала білім алуда. Оқу орнының ашылу салтанатына Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков, Бесқарағай ауданының әкімі, мектеп ұжымы мен ауыл тұрғындары қатысты.
Мектептің құрылысы 16 наурызда басталып, қараша айында аяқталған. Бүгінде мектеп заман талабына сай құралдармен жабдықталған. Балалардың түрлі секцияларға қатысып,робототехникамен айналысуға толық мүмкіндіктері бар.