USD474.83EUR515.38RUB5.5

Сапасыз ойыншықтардан қауіп көп

31 қаңтар 2020, 11:32
Өткен жылы облыста Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті жүздеген ойыншықтарды тексеріп, нәтижелерімен бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.
Сапасыз ойыншықтардан қауіп көп

- Азықүлікке жатпайтын тауарлар түріне, яғни балалар ойыншығы, киім, аяқ киім, тұрмыстық техника, гигиеналық заттар, парфюмерия, косметика және басқа заттарға тексеру жүргізілді. Десек те басты назар ойыншықтарға аударылды, - дейді облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

    217 ойыншық түрінен сынама алынды, оның 138-і Кеден одағының «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент талаптарына сәйкес келмеді. Алты сынамада фенолдың, формальдегидтің және изопропил спиртінің артық мөлшері анықталды.

- Сәйкес келмейтін ойыншықтардың көбі, яғни 85,4 пайызы Қытайда жасалған, 8,1 пайыз ойыншықтардың өндірушілері белгісіз және ойыншықтардың 6,5 пайызы Ресейде, Өзбекстан мен Польшада жасалған, - деп түсіндірді департамент өкілдері.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar