
Бұл туралы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Ұлақова мәлімдеді. Оның айтуынша, өңірдің экономикалық өсімі тұрақты. Яғни өнеркәсіп, сауда, көлік, ақпарат және байланыс сынды салалар ілгерілеп келеді. Мәселен аймақ экономикасындағы негізгі көрсеткіштердің бірі болып саналатын өнеркәсіп өсімі 109,2%-ға тең. Бұл ретте үлес салмағы жоғары аудандар – Аягөз, Көкпекті, Ұлан және Күршім.
Ал Бородулиха, Глубокое, Бесқарағай аудандары аталмыш рейтингінің төменгі сатыларына тұрақтады.