Алғашқы күні акцияны ұйымдастырған Оралхан Бөкей атындағы кітапхана ұжымы жолаушыларға түрлі ақпарат парақтарын таратты.
Трамвайға кірген әр адам қай жаққа қараса да, Абай Құнанбаев туралы мағлұмат алып, ой-өрісін кеңейтеді. Ойшылдың қара сөздері мен данышпандық көзқарастарын да оқи отырады. Мәдина Болатқызы, кітапханашы: – Қала тұрғындары көбінесе осы трамваймен қатынайды, сондықтан да осының барлығын травмайдың ішінде қамтыдық. Тек қана оқушылар, мектептерде ғана емес, басқа да қарапайым тұрғындар травмай ішінде Абайдың өлеңдерін, нақыл сөздерін тыңдап жүрсе, нұр үстіне нұр.