Акцияның мақсаты – жастарды экологиялық қозғалысқа тарту және қоршаған ортаны сақтау, қалпына келтіру және қорғау мәселелеріне назар аудару.
Мереке қарсаңында қалада балалар музыка мектебінің ұйымдастыруымен «Байтақ өлкем – Қазақстан» атты мерекелік концерт өтті. Концертте жас өнерпаздар күй мен патриоттық әндер орындап, Отан туралы өлеңдер оқыса, әжелер шашу ырымын жасады.
Курчатов қаласының спортшылары да Республика күнін атап өтті. Сонымен, жасөспірімдер спорт мектебінің күрес залында дзюдодан жарыс өтті. Жарысқа 54 спортшы қатысты.
Сондай-ақ, Республика күнін мерекелеу қарсаңында қалада Курчатов қалалық ауруханасының ұйымдастыруымен қоғамдық жұмыс күні өтті. Мекеме өкілдері балалармен қоғамдық жұмысқа шығып, 45 түп қарағай көшеттерін отырғызды.