USD523.58EUR549.71RUB5.01

Семейде орамалдар көрмесі өтті

31 қаңтар 2020, 08:23
Достоевский мұражайында халықаралық орамал күніне арналған «Мен сыйға тартқан орамал» көрмесі ашылды.
Семейде орамалдар көрмесі өтті

Іс-шара «Рухани қазына» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Көрменің мақсаты - өз елінің мәдениетіне деген қызығушылықты жандандырып, ұлттық дәстүрлерді ұлықтау. Шараны  «Айша бибі» қазақ мәдени орталығы мен Ф.М.Достоевский  әдеби-мемориалдық мұражайдың өкілдері ұйымдастырған.

Көрме қонақтары тақия, кимешек, сәукеле және т.б. көптеген қазақтың бас киімдерімен таныса алды. Экспозицияға жалпы 30-ға жуық қазақ халқының бас киімдері қойылған. Сондай-ақ, көрмеде «Айша бибі» қазақ мәдени орталығының төрайымы Айман Боқпасарованың жеке қорындағы орамалдар да ұсынылған. Көрмені қала мектептері мен колледждердің оқушылары тамашалай алды.

Айта кетейік,  «Айша бибі» орталығы 18 жылдан астам уақыт бойы рухани құндылықтарлы насихаттаумен айналысуда.

- 1 ақпан Халықаралық орамал күні мерекесі қарсаңында біз жастарды қазақтың бас киімдерімен таныстырғымыз келеді. Көрмеге түрлі бас орамалдар қойылған. Бұл іс-шара алғаш рет Нью-Йоркте 2004 жылы өткен. Енді қазір біз оны қаламызда тұңғыш рет өткізіп отырмыз. Бас орамал - тазалық пен қарапайымдылықтың символы. Көптеген халықтар үшін орамал көбінесе иесінің әлеуметтік мәртебесінің көрсеткіші болған, - дейді Ф.М. Достоевский  мұражайының экскурсия секторының меңгерушісі Салтанат Сексембаева.

Шара барысында  келушілердің өздері де көрмеде ұсынылған бас киімдерді киіп көре алды.

Көрме қазақ мәдени орталығының ансамбльдерінің ұсынған концерттік бағдарламасымен тәмамдалды.

 

Семей қаласының ақпараттық орталығы

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar