USD474.83EUR515.38RUB5.5

Қысқы спартакиада

25 қаңтар 2020, 09:57
22 қаңтарда Олимпиадалық резервтік № 2 БЖСМ шаңғы базасында полиция қызметкерлері арасында шаңғы жарысынан қысқы спартакиада өткізілді.
Қысқы спартакиада

Жарысты Семей қ. ПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ш.Х. Қанағатов ашып, осындай спорттық іс-шаралар ішкі істер органдары қызметкерлерінің дене шынықтыру дайындығын арттыру және салауатты өмір салтын ұстану мақсатында жыл сайын өткізіліп тұратынын, сондай-ақ спорттағы жетістіктер жедел-қызметтік жұмыстарда жоғары көрсеткіштерге жетуге ықпал ететінін атап өтті.

Шаңғы жарысына 7 команда қатысып, әйелдер 1 км, ерлер 3 км арақашықтыққа шаңғымен жүгіріп өтті. Жарысқа қатысушылар жеке біріншілікте, сол сияқты командалық есепте жүлделі орындарды иелену үшін барлық күш-жігерлерін салды.

Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте бірінші орынды ЖҚАЖ командасы иеленсе, екінші орынға Әуезов полиция бөлімінің командасы табан тіреді. Жүлделі үшінші орын полиция басқармасына бұйырды.

Қыздар арасында 1 шақырым қашықтықта 1 орынды - Орталық ПБ тергеушісі полиция аға лейтенанты Сакенова Ақерке, 2 орынды ППБ аға инспекторы полиция капитаны Ерғалиқызы Айгерім, 3 орынды уақытша ұстау изоляторының полицейі полиция кіші сержанты Меркурбанова Гүлмира иеленді.

Ерлер арасында 1 орынды Орталық ПБ жүргізушісі полиция аға сержанты Мырзабеков Шалқар, 2 орынды ЖҚАЖ инспекторы (СОБР) полиция капитаны Құлжабаев Ардақ, 3 орынды ЖҚАЖ инспекторы (СОБР) полиция аға лейтенанты Ахметжанов Еркебұлан жеңіп алды.

Жеңімпаз және жүлдегер командалар дипломдармен, кубоктармен марапатталды.

Семей қ. ІІБ баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar