
22 қаңтар күні Семей қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстары барысында 1971 жылы туған «А» деген азаматшадан өзінің адам өлтіру фактісі бойынша 9 жылға бас бостандығына айырып, жазасын өтеп жатқан күйеуін мерзімінен бұрын бостандыққа шығуына көмектесемін деп алдап 3 миллион теңге ақшасын иемденген 44 жастағы Ұржар ауданның тұрғыны ұсталды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 190 бабы 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталып, тергеу амалдары барысында күдікті өз кінәсін толық мойындады.