Шара барысында «Қуаныш балуан», «Ілияс мінген Қарагер», «Айдана мен Ақжолтай» кітаптарының тұсаукесер рәсімі өткізілді.
Айтулы шараға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі М.Н.Отарбаев арнайы келіп, мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Алғыс хатын табыстады.
Сонымен бірге Абай облысы әкімінің кеңесшісі Талғат Мәзібаев, танымал жазушы, сыншы, әдебиетші, Нұрдәулет Ақыш, белгілі ақын, Дәулетбек Байтұрсынұлы қатысты.
Әбділдабек Салықбай 1962 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қызылбұлақ ауылында дүниеге келген.
«Түн түнегіндегі екеу» (Әңгімелер мен хикаят), 2019 жылы «Мақаншы, қарыздармын мәңгі саған!», «Ілияс мінген Қарагер» (Әңгімелер мен хикаяттар) кітаптарының авторы.
Жазушы 2016 жылы ХІ рет өткізілген Халықаралық «Дарабоз» әдеби бәйгесінде «Ілияс мінген Қарагер» әңгімесі үшін «Дарабоз» сыйлығының иегері.