USD491.7EUR531.28RUB5.07

104 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

24 қаңтар 2020, 10:40
«Өңірімізде кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында бірқатар шаралар қолға алынуда. Қандай да бір заңсыздықтарға тап болған кәсіп иелері бізге хабарласып, шағым түсіре алады. Мысалы, өткен жылы бизнес өкілдерінің құқығын бұзған 104 лауазымды тұлғаны жауапқа тарттық. Бұл, 2018 жылмен салыстырғанда 5 есеге көп», - дейді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Христина Дорошенко.
104 лауазымды тұлға жауапқа тартылды

            Христина Дорошенко айтуынша, осы көрсеткіш аймақ бойынша кәсіпкерлердің құқығы жиі бұзыла бастады дегенді білдірмейді.

 

          «Негізінен Кәсіпкерлер палатасының жіті түсіндіру жұмыстарынан кейін шағымданушылар арта түсті. Біз әр өтінішті толыққанды тексеруден өткіземіз. Заңның бұзылуы анықталған жағдайда ғана шара қолданылады» - дейді Христина Дорошенко.


 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar