Дәл осы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларда қауіпсіз жүріс тұрыстың негізгі дағдылары және дұрыс көзқарас қалыптасады.
«Солнышко»балалар орталығының тәрбиеленушілері төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлеріне,дәлірек айтсақ Семей өрт қызметі мұражайына қонаққа келді.
Өрт дегеніміз не,жарылыстар,дауыл және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар неден болатынын,өрт кезінде өз-өзін қалай ұстау керектігін және ең бірінші кезекте не істеу керектігі туралы және тағы да басқалар туралы біздің кішкентай қонақтарымыз білді...
Келушілер бұрыңғы өрт сөндірушілердің қызметімен танысты.Жас қонақтар ежелгі өрт сөндіру құралдарының сирек кездесетін түрлерімен танысты.Балалар әр кезеңдегі өрт сөндірушілердің қандай өрт сөндіру құралдарын пайдаланғанын және қандай шлем қолданғанын білді.
Қолданыстағы макеттер көмегімен өрттің негізгі себептерімен танысты.Балалар көптеген әсер алды,өрт сөндіру тарихынан көптеген жаңа және қызықты нәрселер туралы және осы таңғажайып мамандық иелерінің ерлігі туралы біраз нәрсе білді
Мұражайға келудің соңына қарай балалардың жартысынан көбі өрт сөндіруші болуды шешті. Мүмкін, өрт қауіпсіздігі туралы білім уақыт өте келе балалардың жадынан жартылай естіледі, бірақ өрт сөндірушілерге деген сенім және 01 телефоны мәңгі есте қалады.
Уақыт көрсетеді... әзірге-естелікке суреттер.
ШҚО ТЖД Семей қ.ТЖБ