Екі облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындары елорда тұрғындары мен қонақтарына жоғары сапалы экологиялық таза өнімдер ұсынды. Өнім ассортименті жалпы көлемі 282 тоннаны құрайтын 70-тен астам атауды құрады.
Оның ішінде: 91 тонна картоп пен көкөніс, 59,9 тонна бал, 48,8 тонна ет, 17 тонна күнбағыс майы, 13 тонна бақша дақылдары, 8 тонна сүт өнімдері, 7,5 тонна балық өнімдері, 5 тонна құс еті, 5 тоннадан астам қымыз және панты өнімдері, 4 тонна ұлттық тағамдар және 3 тонна шұжық өнімдері.
Сондай-ақ, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама дайындалды.
Еске сала кетейік, аталған жәрмеңке ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға делдалсыз сатуға мүмкіндік береді, соның нәтижесінде олардың өнімдерінің бағасы нарықтық бағадан 10-20%-ға төмен.