USD474.83EUR515.38RUB5.5

Қаза болған өрт сөндірушінің отбасына үш бөлмелі пәтер беріледі

12 қыркүйек 2022, 15:32
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев дала өрттерін жою кезінде қаза тапқан Айдос Ерланұлы Тоғызбаевтың отбасымен кездесіп, оның қайғылы қазасына байланысты көңіл айтты.
Қаза болған өрт сөндірушінің отбасына  үш бөлмелі пәтер беріледі

"Бүкіл аймақ қайғырады. Бұл орны толмас шығын. Қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан Айдос Тоғызбаевтың отбасына қажетті көмек көрсетіледі", — деп атап өтті аймақ басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Жарма ауданында шөп өртенді, өрт сөндірушілер оқиға орнына шықты. Өрт су құйылған автоцистернаға қарай бет алды. Өрт сөндірушілер техниканы эвакуациялауға тырысты, бірақ барлық жағынан отпен қоршалды.

Су тасығыш пен цистерна жанып кетті, өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі Амангелді Тұрлыбеков, өрт сөндіру бекетінің жүргізуші-қызметкері Айдос Тоғызбаев, өрт сөндіруші-құтқарушы Нұрлан Сәлімжан түрлі дәрежедегі күйік алып, ауруханаға жеткізілді.

Өкінішке қарай, Айдос Тоғызбаев ауруханада көз жұмды. Ол 36 жаста еді, әйелі мен 5 баласы қалды.

Төтенше жағдайлар министрлігі Айдос Тоғызбаевты үшінші дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттауға ұсынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar