
Қалбатау ауылынан 1 автобус жолға шықты. Жарма ауданының ТЖБ бастығының міндетін атқарушы да оқиға орнында. Өрттің аумағы шамамен – 40 га жерді құрайды.
Сонымен қатар, Бесқарағай ауданында да өрт ошақтары тіркелген. Бір өрт ошағы сөндірілсе, екіншісі – оқшауланды.
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев жедел штаб отырысын шұғыл түрде өткізді. Ол ТЖД-ға жағдайды бақылауда ұстап, қосымша техника жіберуді тапсырды.