Бағдарламаларға қатысушыларға және оның отбасы мүшелеріне – отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 70 АЕК (214 410 теңге) мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі.
Жобаға қатысушының отбасына, оның ішінде жалғыз бастыларға он екі ай бойы ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге төмендегідей мөлшерде материалдық көмек беріледі.
Қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
* - 1 адам үшін 61 260 теңге;
- отбасы мүшелерінің саны 2-4 болса 76 575 теңге;
- отбасы мүшелерінің саны 5 және одан көп болған кезде 91 890 теңге төленеді;
* ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін;
* - 1 адам үшін 45 945 теңге;
- отбасы мүшелерінің саны 2-4 болса 55 134 теңге;
- отбасы мүшелерінің саны 5 және одан көп болған кезде 64 323 теңге төленеді;
* қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жіберіледі.
* тұрғын үй салуға 10 соттық жер жергілікті әкімшіліктен беріледі;
* ауыл шаруашылығымен айналысуға конкурс арқылы бос жер көлемі беріледі;
* мемлекеттік бағдарламалар арқылы қайтарымсыз гранттар, аз пайызбен несие алуға, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға мүмкіндіктер бар;
ж) Қоныс аударушылардың арнайы кәсіби мамандығы болған жоғдайда бос жұмыс орындары ұсынылатын болады.