Тұрғындардың бұл сұрақтарына жауап ретінде оқушыларды жақын маңдағы мектепке жеткізуді жоспарлап отырғандығы айтылды. Сонымен қатар, аудан орталығында интернат бар.
Тұрғындарды тұрғын үй құрылысы мәселесі де толғандырады. Мұнда салынып жатқан үйлерде қажетті қосымша ғимараттар қарастырылмаған, дейді аудан тұрғындары.
Бесқарағай тұрғындары абаттандыру мен жұмыс орындарының жоқтығын атап өтті. Олардың пікірінше, ауданда халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін шағын цехтар мен зауыттар ашу керек. Облыс әкімі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы басқармаларына ауылдағы бизнес өкілдерімен тығыз жұмыс жасауды тапсырды.
- Жаңадан құрылған облысымыздың аграрлық әлеуетін арттыруда Бесқарағай ауданына артылар жауапкершілік жоғары. Сол себептен, дәнді, майлы және бақша дақылдарын өндірумен, сүтті мал және орман шаруашылығымен айналысатын жерлестеріміз, ең алдымен, ішкі нарықты кеңінен қамтуға жұмыс жасау керек.
Бесқарағайдың тағы бір ұтымды тұсы – туризм. Суы шипа, ауасы ем Шошқалы мен реликті орман алқабы ел экономикасы мен халықтың өмір сапасын жақсартуға жұмыс жасау қажет. Аудан күре жолдың бойында тұр. Көлік қатынасы жоғары. Қала жақын. Демалушылар саны көп. Одан түсетін салық бар. Осының бәрі ауданға пайдасын тигізу керек.
Сондай-ақ, Нұрлан Ұранхаев азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.
Жеке қабылдауға жиыны 7 адам қатысып, тұрғындар өздерін толғандыратын сұрақтарды қойды.
Әкімнің қабылдауында болған тұрғындардың көбін орталықтандырылған су жүйесі,жол мәселесі алаңдатады.
Тұрғындар шағымы мен ұсынысын толық тыңдаған өңір әкімі жауапты сала өкілдеріне азаматтардың шағымдары негізінде жұмыс істеуді тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, Абай облысының әкімінің қабылдауына жазылу "азаматтардың өтініштерін бақылау бөлімі" арқылы жүзеге асады.
Әкім қабылдауына жазылу телефоны: 8 (7222) 52 39 21.