USD514.65EUR544.6RUB5.17

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жұмыс сапарымен Бесқарағай ауданына барды

16 тамыз 2022, 11:28
Өңір басшысы ауылдың орталық алаңын және "Батырлар аллеясын" да қарап шықты. Бесқарағай ауылының орталық алаңы 2016 жылы пайдалануға берілді. 2020 жылы Орталық саябақ қайта жаңғыртылып, Абай Құнанбаевтың бюсті орнатылды. Батырлар аллеясы 2021 жылы "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы бойынша қайта жаңартылды.
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жұмыс сапарымен Бесқарағай ауданына барды

Нұрлан Ұранхаев сондай-ақ тұрғындар үшін апта сайын өткізілетін ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесіне барды. Жәрмеңке сөрелерінде сиыр еті, көкөніс өнімдері мен жемістерді сатып алуға болады.

Сонымен қатар, Бесқарағай ауылындағы Борас орта мектеп-балабақшасы болды.

Мектеп ғимараты 2002 жылы пайдалануға берілген. Жалпы орын саны 320.

Мектеп бұрынғы балабақша ғимаратында орналасқандықтан, бір бөлігін 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған балабақша алуда. Мектеп жұмысымен танысып, орын жетіспеушілігі және 380 орындық тағы бір мектеп салу қажеттілігі туралы ла айтылды.

Бұл күні өңір басшысы 90 орынға есептелген және 2014 жылы пайдалануға берілген жергілікті "Айналайын" бөбекжайына да барды.

Мектеп басшылығы өкілдерінің айтуынша, 2020 жылдың желтоқсанында бетон негізінің және еден жабынының кенеттен бұзылуына байланысты мұнда ғимараттың құрылыс конструкцияларына техникалық тексеру жүргізілген. Жобаны іске асыру үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлу талап етіледі.

Облыс әкімі Бесқарағай ауылының мәдениет үйінде болып, Шошқалы көлінің аумағында орналасқан балшықпен емдеу орны жобасымен және ауыл шаруашылықтарының көкөніс және сүт өнімдерінің көрмесімен танысты.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar