
Қала әкімі Жақсылық Омардың айтуынша, 2020 жылдың соңына дейін Ахмер кентіндегі ауызсу мәселесі шешіледі.
«Қолға алынып отырған ауқымды жобалардың бірі – Красин кентіне ауызсу тарту. Өткен жылы басталған жоба 2021 жылы аяқталуы тиіс. Осының нәтижесінде 1600 үй ауызсумен қамтамасыз етіледі», – деді Жақсылық Омар.
Бұдан бөлек, «Альшемали» сауда үйінің іргесіндегі 120 үйге ауызсу тарту көзделіп отыр. Кеңес заманында мұнда су құбыры орнатылмағандықтан тұрғындар суды құдықтан алуға мәжбүр болған.