USD484.37EUR531.06RUB5.05

ШҚО шекарашылары Президенттік миляға жүгірді

05 тамыз 2022, 11:38
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің құрылғанына 30 жыл толу және салауатты өмір салтын қолдау аясында ҚР ҰҚК ШҚ ШҚО бойынша департаменті Президенттік миляға жүгіру өткізді.
ШҚО шекарашылары Президенттік миляға жүгірді

Таңертең Ертіс өзенінің жағалауына 100-ден астам адам жиналды. Марафонға департаменттің әскери қызметшілері ғана емес, шекарашы-ардагерлер мен отбасы мүшелері де қатысты. Жас спортшыларсыз да болған жоқ. Осындай форматтағы спорттық іс-шара Өскемен қаласында алғаш рет өткізілді.

- Бұл нағыз спорт мерекесі болды! Маған бәрі ұнады. 3000 метрге жүгіру арқылы біз басқаларға үлгі көрсеттік деп айта аламыз. Шекарашылардың дене тәрбиесіне бей-жай қарамайтындығын тағы да дәлелдеді. Президенттік миляға жүгіру қоғамның спортқа деген қызығушылығын арттырып, жыл сайын өткізілетініне сенімдімін, - деп өз пікірімен бөлісті аға лейтенант Әділхан Назар.

Мәреде ШҚО бойынша ҚР ҰҚК ЖПҚ бастығы полковник Серік Рахимов марафонның белсенді қатысушыларын құттықтап, марапаттады.

Өткізілген спорттық іс-шара нәтижелері бойынша орындар келесідей бөлінді:

I орынды Капитан Дәулет Каканов иеленді,

II орынды сержант Сержан Сатпаев және

ІІІ орын - Капитан Назымбек Биханов.

Әскери қызметші әйелдер арасында аға сержант Гүлназ Болатова көзге түсті.

Марафон Шекара қызметінің туымен фотоға түсумен аяқталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

03 қазан 2024, 10:50
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar