USD483.23EUR534.74RUB5.12

Бизнесмен Алакөл жағалауында балалар орталығын салуға ниет білдірген

02 тамыз 2022, 12:17
Облыс әкімдігіне инвестор, "Абайбек" демалыс базасының иесі жүгінді, оның меншігінде Үржар ауданындағы Алакөл көлінде жұмыс істейтін демалыс базасы жер учаскесімен бар.
Бизнесмен Алакөл жағалауында балалар орталығын салуға ниет білдірген

Ол жұмыс істеп тұрған демалыс базасын қайта жаңғыртып, ерекше қажеттіліктері бар балаларға қызмет көрсету орталығын салғысы келеді.

Кездесу барысында бизнесменге нормативтер мен ережелер, рәсімдеу тәртібі және құрылысқа қажетті құжаттар тізімі түсіндірілді.

"Облыстық білім басқармасының қызметкерлері ықтимал рәсімдеу мен талаптар бойынша тиісті түсініктемелер берді. Өтініш беруші алынған ақпаратты назарға алды және осы мәліметтерге сәйкес іске асырумен айналысатын болады", - деп кездесуді облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Анзор Абаев қорытындылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

5 сағатқа жетпей
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar