USD474.83EUR515.38RUB5.5

ШҚО-да Бұқтырмаға батып бара жатқан кеменің жолаушыларын құтқарған батырлар марапатталды

28 шілде 2022, 09:41
Батырларға "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалі мен грамоталары табыс етілді.
ШҚО-да Бұқтырмаға батып бара жатқан кеменің жолаушыларын құтқарған батырлар марапатталды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медальдарымен және Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтың Құрмет грамоталарымен марапатталғандар:

- Асқар Сайлаубаев,

- Дәулет Сайлаубеков,

- Дамир Мұхамадиев,

- Сұлтан Тайжанов.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ерлан Нұрпеисов батып бара жатқан кеменің жолаушыларын құтқарған батырларға жеке марапаттарды табыстады.

Естеріңізге сала кетейік, 17 шілде күні сағат 19:00 шамасында Ұлан ауданындағы Бұқтырма су қоймасында "Аюда" демалыс базасынан үш шақырым жерде рейстік жолаушылар катері дауылға ұшырады. Кеме батып кете бастады. Жағадан жақын жерде демалып жатқан төрт ер адам не болғанын байқады. Гидроскутерде және қайықта олар орынға жетіп, ең алдымен салдағы балаларға судан шығуға көмектесті. Екі рейс жасап, бәрін жағаға апарды.

Фото ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar