USD474.83EUR515.38RUB5.5

Үржар ауданы облыстың агроөнеркәсіптік орталығы ғана емес, Алакөл - облысқа туристерді тартатын орталыққа айналуға әлеуеті бар

25 шілде 2022, 14:44
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Үржар ауданына жұмыс сапарымен келді.
Үржар ауданы облыстың агроөнеркәсіптік орталығы ғана емес, Алакөл - облысқа туристерді тартатын орталыққа айналуға әлеуеті бар

Аудан экономикасын дамытуда негізгі бағыт агроөнеркәсіптік кешенге тиесілі, онда өсімдік және мал шаруашылығы саласындағы елеулі экономикалық әлеует бар. Ірі қара мал мен қой шаруашылығында белсенді даму байқалады.

Облыс әкімі Мақаншы ауылындағы №2 аудандық ауруханада болды. Сонымен қатар, аудан ақсақалдарымен кездесті. Үржар ауданының тұрғындарымен кездесу өтуде. Соңынан облыс әкімі жеке қабылдау өткізеді деп жоспарлануда.

Абай облысының әкімі Үржар ауданының тұрғындарымен кездесті.

Нұрлан Ұранхаев өзекті мәселелерге көңіл бөліп, сұрақтарға да жауап берді. Сонымен қатар, өңір басшысы жеке қабылдау өткізіп, кері байланысқа көңіл бөлінетіні туралы атап өтті. Жалпы 50-ге жуық сұраққа жауап берілді.

- «Көлеңкелі бизнестің» дәуірі өтті. Салық түссе – Абай облысының бюджетіне түседі!

Ол қаржыны халық қажетіне жұмсаймыз.

Сондықтан, кәсіпкерлерге айтарым, табысты жасырып-жасқаудың еш қажеті жоқ!

- Келешекте, облыстың транзиттік әлеуетін арттыру үшін «Бақты-Аягөз» теміржол учаскесін және «Қарамай-Тачэн-Аягөз» теміржолын салуды жоспарлап отырмыз. Ол жол сіздер арқылы өтеді. Бұл – жаңа жұмыс орындары. Оның да игілігін, ең алдымен, жергілікті жұрт көруі қажет!

-Мақаншының да жағдайын білемін. Аудан халқы бар, шекаралық аймақ дегендей... Осының бәрін, егжей-тегжейлі зерттеп, бір қорытындыға шығамыз. Сондықтан, бұл мәселеде, біраз сабыр сақтауларыңызды сұраймын! Біз бәріміз осы облысты 25 жыл күттік. Тұралап қалған өндірістер бар. Оның бәрін қалпына келтіру керек. Бұл жалғыз менің, не болмаса әкімдіктің ғана қолынан келмейді. Бұл – ел болып, жұрт болып, бірге шешілетін мәселе! Бәрі – бір күнде бола қоймайды! Бәріне уақыт керек. Ел болып, халық болып біріксек, Абай облысы – өзінің лайықты орнын алады деп сенемін.

- Жалпы, жолдың жайы, қайда барсаң да – өзекті. Әсіресе, қала аралық байланыс өте қиын. Халықтың наразылығы орынды.Бұл мәселені біз мәжіліс пен министрліктер деңгейінде қарадық. Жауапты органдарға мәселені сапалы шешу тапсырылды. Бұдан басқа интернет, ауыз-су, жұмыссыздық сұрақтары бар. Оның бәрімен таныспын. Облыс жаңадан құрылып жатыр. Бюджет әлі бекіген жоқ. Мемлекеттік органдар енді жасақталуда.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar