USD457.61EUR493.07RUB4.99

Бұқаралық спортты дамытуға басымдық беру керек

20 шілде 2022, 11:32
Бұқаралық спортты дамыту – басты назарда. Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев хабарлады.
Бұқаралық спортты дамытуға басымдық беру керек

Облыс әкімі «Арена» көпсалалы мәдени-спорттық кешеніне барды.

Мәдени-спорт кешенінің жалпы ауданы 14 000 шаршы метрден асады.

Бірінші блокта 4 564 көрерменге арналған стендтері бар әмбебап арена орналасқан.

Екінші блокта жүзуге арналған барлық қолайлы жағдай жасалған кешен бар.

Ал үшінші блок – спорттық-ойын-сауық кешені.

«Бұқаралық спортты дамыту туралы Президентіміз өз Жолдауында айтқан болатын. Сол қағидаттарды кезең-кезеңімен жүзеге асырамыз. Абай облысында осындай спорт нысандарын көбейтіп, бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беруіміз керек», – деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

02 маусым 2023, 16:26
01 маусым 2023, 17:24
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2023
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar