Жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасы бойынша ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, сондай-ақ Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың жергілікті атқарушы органдарының қолдауымен жүзеге асырылады, жобаның үйлестірушісі Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы.
"ЕЛ БІРЛІГІ – жаңа ҚАЗАҚСТАН" жобасы бірнеше кезеңмен жүзеге асырылып, 2022-2025 жылдарға есептелген. Жобаның мақсаты - өңірлердің тұрғындары үшін мәдени құндылықтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады және барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларды біріктіруге, өңірлердегі шығармашылық ұжымдар мен әртістердің имиджі мен әлеуетін қолдауға, еліміздің ұлттық құндылықтарын нығайтуға бағытталған.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2022 жылғы наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында: "... Абай облысының орталығы Семей қаласы, өз уақытында Алаш қозғалысының орталығы болған және халқымызға көптеген ұлы ұлдарымызды сыйлаған киелі өлкенің жандануы тек экономикалық қана емес, рухани-мәдени де маңызға ие", - деп атап өтті. Сондықтан "Қазақконцерт" гастрольдік маусымын осы берекелі өлкеден бастайды, онда 10 тамыз бен 15 тамыз аралығында шығармашылық ұжымның Семей, Курчатов қалаларында, сондай-ақ Абай ауданының Қарауыл ауылында және Шығыс Қазақстан облысының Риддер, Серебрянск, Алтай моноқалаларында концерттері өтеді.
Сонымен қатар, гастрольдік тур аясында 10 тамызда Семей қаласында Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында (Семей қ., Қайым Мұхамеджанов к-сі, 29) Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған "Әуезов әлемі" дөңгелек үстелі өтеді, онда "Қазақконцерттің" шығармашылық құрамы сондай-ақ, баспасөз конференциясы мен "Ұлы Дала – Ұлы Абай"атты салтанатты концерт өтеді.
Гастрольдік турлардың шығармашылық ұжымының құрамында "Қазақконцерт" солистері: Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ерлан Рысқали, Раушан Оразбаева, Азамат Желтыргузов, Медет Чотабаев, Салтанат Ахметова, Жанна Орынбасарова, ҚР Мәдениет саласының үздігі Перизат Тұрарова, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Асқар Мұқият, Ардақ Елеусізов, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Дарын Құдайберген, Әлібек Әлмадиев, Әйгерім Алтынбек, Гүлсім Мырзабекова, Дидар Әбдіхалық.
Бұдан басқа, бұл жоба өңірлер мен елорданың мәдени ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған. Концерттер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Александр Галсановтың жетекшілігімен Шығыс қазақстан облысы әкімінің симфониялық оркестрімен сүйемелденеді, сондай-ақ гастрольдік турларға Әміре Қашаубаев атындағы облыстық мемлекеттік филармонияның солистері қатысады.
"ЕЛ БІРЛІГІ – жаңа ҚАЗАҚСТАН "жобасының ресми басталуы ағымдағы жылдың 5 тамызына жоспарланып отыр. "Qazaqstan" орталық концерт залында (Мәңгілік Ел көшесі, 10/1) Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ақтоты Райымқұлова, директордың шығармашылық қызмет жөніндегі орынбасары Серік Нұрмолдаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, "Қазақконцерт" солистері Медет Шотабаев, Азамат Желтыргузов, Ерлан Рысқалидің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.