USD458.48EUR534.68RUB5.43

Кәсіпорын басшылары және жеке кәсіпкерлерге

2 сағатқа жетпей
Құрметті кәсіпорын басшылары мен жеке кәсіпкерлер! Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Абай облысындағы филиалы (Семей қаласы) https://zakup.nationalbank.kz/ мекенжайы бойынша қолжетімді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сатып алу порталының (бұдан әрі — Портал) жұмыс істеуі туралы хабарлайды:
Кәсіпорын басшылары  және жеке кәсіпкерлерге

Портал ҚР Ұлттық Банкі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қажеттіліктері үшін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ашықтығын және жеткізушілер қатысуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында құрылған.

Сіздің бизнесіңіз үшін негізгі артықшылықтар:

тегін қатысу: платформада тіркелу және 15 000 000 теңгеге дейінгі сомаға сатып алуға қатысу үшін өтінімдер беру ақы алынбай жүзеге асырылады.

процестерді цифрландыру: сатып алу рәсімдерін өткізу — өтінім беруден бастап шартқа қол қоюға дейін-электрондық форматта жүзеге асырылады. Порталда жұмыс істеу үшін қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) болуы талап етіледі.

қосымша қатысу мүмкіндіктері - ағымдағы сатып алу рәсімдеріне қатысудан бөлек, жеткізушілер кейінгі сатып алуды жоспарлау (бюджетті (шығыстар сметасын) қалыптастыру және түзету) мақсатында жүргізілетін нарықты маркетингтік талдау шеңберінде баға ұсыныстарын ұсына алады.

Сізді сатып алу порталында тіркеуден өтуге шақырамыз. Осы платформаны пайдалану өткізу нарығын кеңейтуге және елдің қаржы реттеушісінің сенімді серіктесі болуға мүмкіндік береді.

Порталда тіркеу және жұмыс істеу бойынша мәселелер туындаған жағдайда, 1477 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына немесе Ұлттық Банктің Абай облысындағы филиалына 8 7222 600888 (ішкі.2743) телефон нөмірі бойынша кеңес алу үшін хабарласуыңызға болады.

 Құрметпен,

Ұлттық Банктің Абай облысындағы филиалы

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2026
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar