USD461.39EUR534.75RUB5.45

Алакөл жағасындағы жаз: «Дарабоз» лагерінде 720 бала демалады

13 шілде 2026, 15:23
Мақаншы ауданының Қабанбай ауылында, Алакөл жағасында орналасқан «Дарабоз» балалар сауықтыру лагері биыл да жазғы маусымда жүздеген баланы қабылдап жатыр. Табиғат аясындағы демалыс мұнда тек тынығумен шектелмейді. Балалар спорттық жарыстарға, танымдық бағдарламаларға және ұлттық құндылықтарды насихаттайтын тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысады.
Алакөл жағасындағы жаз: «Дарабоз» лагерінде 720 бала демалады

- «Балалардың күн тәртібі алдын ала бекітілген әдістемелік жоспар негізінде ұйымдастырылады. Олар күніне алты мезгіл тамақтанады, екі рет Алакөлге шомылады. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған түрлі тәрбиелік іс-шаралар тұрақты өткізіледі. Лагерьде 4 тәрбиеші, 1 әдіскер және 3 дене шынықтыру маманы жұмыс істейді. Балалардың жас ерекшелігі – 8 бен 14 жас аралығы», – деді Мақаншы аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзипа Ноғаева.

Лагерь 15 маусым мен 23 тамыз аралығында 6 маусым бойынша жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде мұнда барлығы 720 бала демалады. Әр маусымда 120 баладан қабылданып, олардың қауіпсіз әрі сапалы демалысы үшін барлық жағдай жасалған.

«Дарабоз» лагеріндегі жазғы демалыс балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың танымын кеңейтуге, шығармашылық қабілетін дамытуға және ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2026
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar