Сонымен қатар, Салық кодексінде кейбір тұлғалар үшін БКМ қолданудан босатылатын жағдайлар қарастырылған.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 110-бабының 2-тармағына сәйкес, БКМ-ды қолданудан босатылады:
▪️ жеке тұлғалар;
▪️ жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар;
▪️ қоғамдық қалалық көлікте жолаушыларды тасымалдау қызметтерін көрсететін тұлғалар, билеттер беру арқылы.
Қоғамдық қалалық көліктің билет нысаны көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен, уәкілетті органның келісімі бойынша бекітіледі;
▪️ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
▪️ екінші деңгейдегі банктер;
▪️ діни бірлестіктер;
▪️ Ұлттық пошта операторы, жалпыға ортақ телекоммуникация желісі жоқ жерлерде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларды қоспағанда;
▪️ арнайы мобильді қосымша арқылы есеп айырысуларды жүзеге асыратын тұлғалар.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 110-бабының 3-тармағына сәйкес, жалпыға ортақ телекоммуникация желісі жоқ жерлерде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді беру функциясы жоқ БКМ-ды қолданады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 110-бабының 4-тармағына сәйкес, қолма-қол ақшамен сауда операциялары немесе қызмет көрсету кезінде ақшалай есеп айырысулар жүргізетін сауда автоматтары мен төлем терминалдары деректерді тіркеу және беру функциясы бар БКМ-мен міндетті түрде жабдықталуы тиіс.
Мемлекеттік кірістер органдары БКМ-ды қолдану кезінде салық заңнамасының талаптарын сақтау есеп айырысулардың ашықтығын қамтамасыз етіп, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға ықпал етеді.
Бақылау-кассалық машинаның болмауы үшін жауапкершілік
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 284-бабына сәйкес, келесі жағдайлар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген:
▪️ бақылау-кассалық машинаның болмауы;
▪️ ақаулы бақылау-кассалық машинаны пайдалану;
▪️ мемлекеттік кірістер органдарында тіркелмеген бақылау-кассалық машинаны қолдану.
Бұзушылық алғаш рет анықталған жағдайда кәсіпкерлік субъектісіне ескерту беріледі.
Егер құқық бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасалса, келесі мөлшерде айыппұл салынады:
▪️ шағын кәсіпкерлік субъектілеріне — 15 АЕК;
▪️ орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 30 АЕК;
▪️ ірі кәсіпкерлік субъектілеріне — 50 АЕК.
Анықтама үшін:
2026 жылы 1 АЕК мөлшері – 4325 теңге.
POS-терминалдың болмауы үшін жауапкершілік
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 195-бабына сәйкес, егер заңнамада көзделген жағдайда төлем карталары арқылы төлем қабылдауға арналған POS-терминал болмағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Бұзушылық алғаш рет анықталған жағдайда ескерту беріледі.
Егер құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайта жасалса, келесі мөлшерде айыппұл салынады:
▪️ шағын кәсіпкерлік субъектілеріне — 40 АЕК;
▪️ орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 60 АЕК;
▪️ ірі кәсіпкерлік субъектілеріне — 80 АЕК.
Мемлекеттік кірістер органдары бақылау-кассалық машиналар мен POS-терминалдарды қолдану талаптарын сақтау ақшалай есеп айырысулардың ашықтығын қамтамасыз етіп, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытуға ықпал ететінін еске салады.