USD467.98EUR533.87RUB6.11

Абай облысында тоғызқұмалақтан облыстық біріншілік қорытындыланды

27 қаңтар 2026, 19:20
Өңірде ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақтан облыстық біріншілік өтті. Дәстүрлі ұлттық спорт түрінен ұйымдастырылған жарысқа Аягөз, Көкпекті, Жарма, Бесқарағай, Абай аудандары мен Семей қаласынан келген спортшылар қатысты.
Абай облысында тоғызқұмалақтан облыстық біріншілік қорытындыланды

Турнирге барлығы 52 спортшы қатысып, жарыс 7 тур бойынша ұйымдастырылды. Төрт күнге созылған бәсекенің нәтижесінде үздік ойыншылар анықталды.

Марапаттау рәсіміне Абай облысы Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Жарқын Жұмаділов мен Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бахыт Бекбосынов қатысып, жеңімпаз бен жүлдегерлерге медаль мен дипломдар табыстады.

Жарқын Жұмаділов тоғызқұмалақтың өңірде қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, спортшылар мен бапкерлерге алғысын білдірді.

- Құрметті тоғызқұмалақшы спортшылар, бапкерлер және спорт сүйер қауым! Баршаңызды облыстық турнирдің сәтті ұйымдастырылуымен құттықтаймын. Жеңіске жеткен және жүлделі орын алған баршаңызға зор табыс тілеймін. Алдағы уақытта өзге өңірлерде және республикалық деңгейдегі турнирлерге белсенді қатысып, ұлттық спортты дамытуға үлес қосатыныңызға сенім білдіремін. Осы спорт түрінің облысымызда кеңінен дамуына атсалысып жүргендеріңіз үшін алғыс айтамын, — деді ол.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2026
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar