Негізгі мақсат - этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті креативті индустриялар, өнер, медиа және цифрлық жобалар арқылы ілгерілетуге бағытталған жаңа ұлттық форматты таныстыру.
- Бүгін ҚХА-ның креативтік платформасының алғашқы отырысы өтті. Платформа жақында құрылып, Қазақстанның көпэтносты халық шығармашылығының бар әлеуетін шығармашылық ұжымдардың қауымдастығы мүмкіндіктерімен ұштастыруды көздейді. Сондай-ақ бүгін бұл жұмысты үйлестіріп, ортақ арнаға бағыттау мақсатында меморандумдарға қол қойылды.Осылайша, біздің өңірді республикалық деңгейде де, халықаралық деңгейде де кеңінен танитын болады,- деді «Қоғамдық келісім орталығы – облыстық Достық үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Надежда Шарова
Отырыс соңында қатысушылар алдағы ортақ жобалар бойынша ұсыныстарын білдіріп, шығармашылық қауымдастықтың жұмысын жүйелі түрде жалғастыру туралы келісімге келді. Іс-шара өңірдегі этномәдени диалогты дамытуға және креативті индустриялар арқылы қоғамды біріктіру ісіне тың тыныс берді.