USD0EUR0RUB0

Өңірде 191 есірткіге қатысты дерек тіркелді

06 қараша 2025, 16:50
Абай облысында соңғы жылдары есірткі қылмыстарының саны айтарлықтай өскен.Биылғы жылдың қорытындысы бойынша өңірде 191 дерек тіркеліп, оның 89-ы қылмыстық сипатта, қалғаны – әкімшілік құқық бұзушылықтар. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есеге жоғары.
Өңірде 191 есірткіге қатысты дерек тіркелді

Полицейлер заңсыз айналымнан 415 келіден астам есірткі және психотроптық заттарды тәркілеген. Көп жағдайда бұл істерге 18 жас шамасындағы жасөспірімдер мен жастар қатысқан. Олар оңай жолмен ақша табу мақсатында курьер ретінде немесе Telegram-боттар арқылы есірткі тасымалдауға тартылған.

– Қазір көпшілік тез әрі оңай табыс тапқысы келеді. Алайда мұндай әрекеттің соңы – темір тор. Ең өкініштісі, бұған жастардың араласуы. Сондықтан ата-аналарға айтарымыз – балаларыңыздың кіммен араласатынына, ұялы телефондарындағы чаттарына назар аударыңыздар. Алдын алу – ең тиімді қорғаныс, – деді Абай облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция капитаны Думан Үкіжанов.

Құқық қорғау органдары есірткі қылмысының алдын алу бағытында профилактикалық шараларды күшейтіп, оқу орындарында түсіндіру кездесулерін өткізуде. Мамандардың айтуынша, нашақорлықпен күресте қоғамның әр мүшесінің белсенділігі мен жауапкершілігі маңызды рөл атқарады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar