- Жаңа Салық кодексі аясында салық есептілігін тапсыру көлемі 30 %- ға қысқарады. Корпоративтік табыс салығының базалық мөлшерлемесі бұрынғыдай 20 % деңгейінде сақталады. Сонымен қатар жекелеген салалар үшін жаңа ставкалар белгіленді: банк секторы мен ойын бизнесі үшін – 25 %, қаржы лизингі үшін – 10%. Әлеуметтік салада, атап айтқанда, білім беру мен медицинада алдағы жылы 5 %, ал 2027 жылдан бастап 10 % мөлшерлеме қолданылады. Ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін бұрынғыдай 3 % ставка сақталады, – деп атап өтті спикер.
Сонымен қатар, келер жылдан бастап қосылған құн салығының мөлшерлемесі 16 % деңгейінде белгіленеді. Ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында есепке жатқызылатын қосылған құн салығының үлесі 70 % - дан 80 %- ға дейін арттырылып, ал тіркеу шегі бұрынғы 20 000 АЕК-тен 10 000 АЕК-ке дейін төмендетілді.
- Келер жылдан бастап акциз мөлшерлемелері жыл сайын 10 % өспек. Алғаш рет энергетикалық сусындарға да акциз енгізіліп отыр: оның көлемі литріне 100 теңге болып белгіленіп, бес жыл ішінде кезең-кезеңімен 240 теңгеге дейін жететін болады, - деді басқарма басшысының орынбасары.