
Жарыс барысында әртүрлі салмақ дәрежелері бойынша үздік палуандар анықталып, қатысушылар өз шеберліктерін көрсетті.
- Турнир өте жоғарғы деңгейде өтіп жатыр. Бүгін спортшылар 8 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасуда. Жалпы, елімізде спортқа, оның ішінде ұлттық спортқа ерекше көңіл бөлінуде. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін, ұйымдастырушыларға рахмет, - деп атап өтті Қазақ күресі ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер құрмет грамоталарымен, кубоктармен, медальдармен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен және қаржылай сыйақылармен марапатталатын болады. Атаулы жарыс 3-6 тамыз аралығында жалғасады.