
– Жаз мезгілінде бұл лагерьлерде 5 172 бала демалуда. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 229 техникалық және педагогикалық қызметкер тартылған. Өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау мақсатында барлық лагерьлерде тұрақты түрде тексерулер мен профилактикалық шаралар жүргізілуде, – деді спикер.
Бақылау барысында кейбір нысандарда сыртқы өрт сөндіру су көздерінің болмауы және өзге де техникалық ақаулар анықталған. Бұл жөнінде облыстық білім басқармасына тиісті хаттар жолданды.
Атап айтқанда, «Дарабоз» лагерінде өрт қауіпсіздігіне қатысты сегіз заңбұзушылық тіркелген. Олардың қатарында минералданған жолақтың болмауы, жарамсыз өрт сөндіргіштер, стандартқа сай келмейтін электр сымдары мен өртке қарсы автоматика жүйесіндегі ақаулар бар. Қазіргі уақытта анықталған кемшіліктерді жою шаралары қолға алынған.