USD0EUR0RUB0

Жыл соңына дейін өңір жолдарының 70%-ы жөнделеді

Кеше 09:50
Облыста республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2 176 шақырымды құрайды. Оның ішінде 1 592 шақырым жол «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Абай облыстық филиалының қарауында. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында аталған филиал директоры Айбек Ануарбеков баяндады.
Жыл соңына дейін өңір жолдарының 70%-ы жөнделеді

— Қазіргі таңда өңірде 250 шақырым жолда орташа жөндеу жүріп жатыр. Бұл учаскелерге «Семей – Қайнар», «Семей – Барнаул», «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз» және тағы да басқа бағыттар кіреді, — деді филиал басшысы.

Сонымен қатар, 584 шақырым жолда қайта жаңарту жұмыстары қолға алынған. Атап айтқанда, бұл — «Қалбатау – Майқапшағай» және «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» бағыттары.

Спикердің айтуынша, алдағы жылдары Қазақстан Даму Банкі қаржысымен ұзындығы 522 шақырым болатын қосымша жолдар жаңғыртылады.

Айбек Ануарбеков жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жұмыстар туралы да атап өтті.

— Жол бойына 14 мамандандырылған автоматтандырылған өлшеу құралы (МАӨҚ) орнатылады. Сондай-ақ, Қалбатау, Аршалы, Үржар ауылдары мен Семей қаласында 4 шатыр, Қызыл-Кесік ауылында 1 ангар салынуда. Ауыспалы ақпараттық таблолар да орнатылып жатыр, — деді ол.

Қолға алынған шаралар жол сапасын жақсартып, көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar