
2025 жылғы 6 шілде күні «Ауыл» автомобильдік шекаралық бақылау бөлімінде Қазақстаннан Ресей Федерациясына бағыт алған автокөліктен көлемі 700 литр дизель отыны анықталды. Бұл көлемге экспортқа уақытша тыйым салынғанына қарамастан, жанар-жағармайды шекарадан заңсыз өткізбек болған Қырғызстан Республикасының азаматы тоқтатылды.
Қабылданған шара: Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің тиісті маманы азаматты шекарадан өткізуден бас тартты.
2025 жылғы 7 шілде күні «Байтанат» автомобильдік шекаралық бақылау бөлімшесінде тағы бір заңсыз әрекет тіркелді. ҚР азаматының көлігінен 3 000 000 ресей рублі (шамамен 19,7 миллион теңге) көлеміндегі қолма-қол ақша табылды. Бұл сома арнайы тәртіппен ресми тіркеусіз ел аумағынан өткізілмек болған.
Қабылданған шара: ҚР Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 Жарлығына сәйкес, азамат мемлекет шекарасынан өткізілмеді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаменті шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңсыз әрекеттердің алдын алу бағытындағы жұмысын жүйелі түрде жалғастырып келеді.