USD519.26EUR602.13RUB6.62

Судағы қауіпсіздік шаралары таныстырылды

6 сағатқа жетпей
Семей қаласында «Заря» жағажайында судағы қауіпсіздік шараларына арналған баспасөз-туры өтті. Іс-шара барысында Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, полковник Манарбек Шапағатов облыс көлемінде жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстарына тоқталып, суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау – әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті.
Судағы қауіпсіздік шаралары  таныстырылды

- Жыл сайын суға шомылу маусымы басталған сәттен бастап, біз халықты ақпараттандыру, балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, рейдтер мен мониторинг шараларын жүргіземіз.  ТЖД қызметкерлері  қауіпсіздіктің алдын-алуымен айналысады және демалушыларға судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіреді. Егер адамдар дұрыс емес жерлерде шомылса, әкімшілік шаралар қолданылады. Су — қауіпсіз орта емес. Сондықтан әр ата-ана, әр демалушы өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы тиіс. Біз тек ескертеміз, ал әрекет – сіздерден, — деді Манарбек Шапағатов.

Шара барысында қатысушыларға облыс аумағындағы су айдындарындағы қазіргі ахуал жөнінде өзекті мәліметтер ұсынылып, кәсіби құтқарушылар тарапынан судағы алғашқы көмек көрсету мен адамды құтқару тәсілдері іс жүзінде көрсетілді. Сонымен қатар, тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелері жазылған ақпараттық парақшалар таратылып, мамандармен ашық кеңес алаңы ұйымдастырылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar