USD511.92EUR588.91RUB6.44

«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 20 мыңнан астам адам қаржылық сауаттылығын арттырды

Кеше 17:04
Абай облысында «AMANAT» партиясы мен «Halyk Bank» бірлесіп «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында “AMANAT” партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы Айдар Садырбаев мәлімдеді.
«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 20 мыңнан астам адам қаржылық сауаттылығын арттырды

– «Қарызсыз қоғам» жобасы – AMANAT партиясының халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған бастамасы. Облыс бойынша 34 оқу легі өткізіліп, 7 352 адам қамтылған. Биыл жоба «Қарызсыз қоғам 2.0» форматында жаңартылып, 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға бағытталған. Ақпан айынан бері 2 066 адам кәсіби кеңес алды, – деді Айдар Садырбаев.

Бағдарлама тек оқытумен шектелмей, қаржылық басқару бойынша практикалық көмек көрсетуді көздейді. Бұл туралы Абай облысы Қаржы басқармасының басшысы Гүлфайрус Серікболова кеңірек тоқталды.
  – 2025 жылғы 1 маусымнан бастап жоба толықтай онлайн форматқа көшті. Бұл дегеніміз – мақсатты топқа жататын кез келген азамат qogamfin.kz сайтына кіріп, онлайн түрде тіркеле алады. Әрбір тіркелуші назардан тыс қалмайды. Олармен жоба аясында тәжірибелі мамандар – қаржы сарапшылары мен заңгерлер байланысқа шығып, қажетті кәсіби көмек көрсетеді. Ең бастысы – жобаға қатысу толықтай тегін, сондай-ақ барлық ұсынылатын қызметтер ақысыз негізде көрсетіледі, – деп қорытындылады спикер.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar