
Ай ішінде шекара арқылы 69 717 адам және 26 340 көлік құралы өткізілді.
Қызмет барысында төмендегідей заңбұзушылықтар анықталды:
• Тыйым салынған арнайы құралды алып өтуге талпынған 1 азамат тоқтатылды. Тексеру кезінде электрошокер-фонарь тәркіленіп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы бойынша хаттама толтырылды. Азаматқа 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
• Әкімшілік жауапкершілікке 27 адам тартылып, жалпы сомасы 1 808 720 теңге айыппұл өндірілді.
• Қос азаматтықтың бір фактісі анықталды. Аталған азаматтың шетелдік төлқұжаты болғанымен, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шықпаған. Сот шешімімен ол 200 АЕК көлемінде айыппұлмен жазаланды.
• Контрабандалық өнімдерді заңсыз алып өтуге қатысты 5 жағдай тіркелді. Атап айтқанда:
• 240-тан астам темекі өнімдері (акциздік маркасы жоқ)
• (112,4 литр) спирттік ішімдік
Бұл тауарлар тәркіленіп, құқық бұзушылар шекарадан өткізілген жоқ.
• Жанар-жағармай материалдарын нормадан тыс алып өтуге тырысу бойынша 5 дерек тіркелді. Заңсыз тасымал:
• 150 литр бензин
• 130 литр дизель отыны
• 100 литр мотор майы
Абай облысы бойынша Шекара қызметі мемлекеттік шекарадағы заңдылықты қамтамасыз ету және еліміздің қауіпсіздігін сақтау бағытындағы жұмысын жүйелі түрде жалғастыра береді.