USD512.66EUR580.59RUB6.45

Жедел жәрдем фельдшері Алмас Сәмиғұлов: «Медицина – бұл жай ғана мамандық емес»

26 мамыр 2025, 11:11
Медицина – адамның өмірі мен денсаулығына тікелей жауапты, үлкен жауапкершілік пен үздіксіз ізденісті талап ететін сала. Бұл жолды жүрек қалауымен таңдаған жандардың бірі – Абай облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері, халықаралық деңгейдегі инструктор Алмас Сәмиғұлов.
Жедел жәрдем фельдшері Алмас Сәмиғұлов: «Медицина – бұл жай ғана мамандық емес»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған болатын. Президент бұл шешімнің «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатымен толық үндесетінін атап өтті.

– 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз, – деді Мемлекет басшысы.

Кейіпкеріміз «Авиценна жоғары медициналық колледжін» «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтап, өмірін адам өмірін құтқару жолына арнады. Бүгінде оның салалық еңбек өтілі 7 жылды құрайды.

- Әрбір шақырту – бұл жай ғана жұмыс емес, бұл – адамның өміріне тікелей әсер ететін сәт. Бізге жедел жәрдем шақырған әр азамат үмітпен, сеніммен қарайды. Осындай сәттерде кәсіби білім ғана емес, адамгершілік, төзімділік, батылдық керек. Жағдай қандай қиын болса да, науқастың жанында бірінші болып біз боламыз. Сол үшін әрбір секунд қымбат. Мен үшін фельдшер болу – тек мамандық емес, бұл – өмірлік миссия. Өзімнің білімім мен тәжірибемді адам өмірін сақтау жолында қолдана алу – мен үшін үлкен мәртебе. Жұмысымда қиындықтар да, ауыр жағдайлар да болады. Бірақ науқастың аман қалғанын көрген сәт – бәріне тұрарлық. Бұл – менің басты мотивациям. Осы салада жүргеніме өкінбеймін, қайта мақтан етемін, - деді Алмас Сәмиғұлов.

Маман иесі  тек өз ісінің шебері ғана емес, сонымен қатар үнемі ізденіс үстінде жүретін кәсіби адам. Ол халықаралық талаптарға сәйкес BLS, ACLS, PALS, PHTLS, NRP бағдарламалары бойынша арнайы дайындықтан өтіп, халықаралық деңгейдегі инструктор атанды. Қазіргі таңда бұл білім мен дағдыларын күнделікті жұмыста, жедел шақыртулар кезінде тиімді қолданып жүр.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar