USD512.34EUR582.07RUB6.31

Аягөз ауданында 600 орындық жаңа мектеп салынуда

30 сәуір 2025, 14:01
Аягөз ауданында білім беру инфрақұрылымын дамыту және білім сапасын арттыру бағытында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Аягөз ауданының әкімі Данияр Шәкәрімов мәлімдеді.
Аягөз ауданында 600 орындық жаңа мектеп салынуда

Спикердің айтуынша, бүгінде ауданда 39 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 33-і – орта мектеп, 3-і – бастауыш мектеп және 1 жеке меншік мектеп бар. Мектепке дейінгі білім беру саласында 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту деңгейі 98%-ды құрайды.

– Аягөз қаласының «Қуаныш» шағынауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 600 орындық жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 260,3 млн теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстарын «Іргетас-Құрылыс-ІІ» компаниясы жүзеге асыруда. Мектеп толық пайдалануға берілгеннен кейін 600 оқушыға арналған болады, – деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, ұлттық жоба аясында Ақтоғай ауылында 300 орындық жаңа мектеп салу жоспарда бар.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

25 сәуір 2025, 14:54
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar