
Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Алмас Сүлейменов 2025 жылғы өрт қаупі кезеңінің барысы туралы баяндады.
– Биыл көктемде ауа температурасы қалыптан жоғары болды. Соның салдарынан өрт оқиғаларының саны артты. 7 сәуірден бері 167 құрғақ шөптің жану дерегі тіркелді. Оның 67-сі – далада, ал 95-і – елді мекендер аумағында орын алған, – деді басқарма басшысы.
Ағымдағы жылы облыс аумағында 8 орман өрті тіркелсе, өткен жылы бұл көрсеткіш тек 1 жағдаймен шектелген. Ең ірі өрт оқиғасы Бесқарағай ауданындағы Морозов филиалының аумағында тіркелді. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Мамандар табиғат аясындағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.
– Өрт қауіпсіздігі – тек құтқарушы мамандардың ғана емес, баршамыздың ортақ ісі. Әрбір тұрғынның сақтығы мен ұқыптылығы табиғатты аман сақтауға ықпал етеді, – деп атап өтті Алмас Сүлейменов.