USD512.32EUR582.92RUB6.29

Аягөзде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80 жылдыққа - 80 ағаш» экологиялық акциясы өтті

28 сәуір 2025, 17:11
28 сәуір күні Аягөз ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80 жылдыққа – 80 ағаш» атты экологиялық әрі патриоттық акция ұйымдастырылды.
Аягөзде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «80 жылдыққа - 80 ағаш» экологиялық акциясы өтті

Іс-шараның мақсаты – ардагерлердің ерлігін мәңгі есте сақтау, жастардың отансүйгіштік рухын және қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ аудан экологиясын жақсартуға үлес қосу.

Акцияға 300-ге жуық адам – ардагерлер, мектеп оқушылары, еріктілер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер мен аудан тұрғындары белсене қатысты. Акция бейбіт өмірдің, жасампаздықтың және ұрпақтар сабақтастығының символына айналды.

Шарада Аягөз аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекболат Ахмешов сөз сөйледі.

– Жеңістің 80 жылдық мерейтойы – жай ғана тарихи дата емес, ол – ұрпақтар арасындағы көпір. Бүгін біз ата-бабаларымыздың ерлігін тек сөзбен ғана емес, іспен де құрметтеп жатырмыз. Отырғызылған әрбір ағаш – табиғатқа деген құрметтің белгісі, батырларға тағзым және болашаққа қосылған үлес. Халқымызда «Атадан мал қалмасын, тал қалсын» деген даналық сөз бар. Бүгін отырғызылған әр ағаш – ертеңгі жасыл орманның бастауы, – деді ол.

Акция «Жасыл аудан — жарқын болашақ!» ұранымен өтті.

Ардагерлер мен жастардың бірлескен еңбегі тарихқа деген құрмет пен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың жарқын үлгісі болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

25 сәуір 2025, 14:54
17 сәуір 2025, 15:02
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar