
Көрменің ұйымдастырушысы талапкерлерге арналған Vipusknik.kz мамандандырылған республикалық интернет-порталы, ол қазақстандық порталдардың ТОП 100 рейтингіне енген. 2024 жылы Vipusknik.kz порталы 5 миллион қаралымға жетті.
Көрме Абай облысы әкімдігі мен білім басқармасының қолдауымен өтеді. Білім көрмесіне мақсатты аудиториямен қамтамассыз ету үшін бекітілген арнайы кесте бойынша Семей қаласындағы барлық мектептердің 9-10-11-сынып оқушыларының қатысуы ұйымдастырылады.
Көрмеге қаладағы 59 мектептен жиналған 9 мыңға жуық оқушы қатысады деп күтілуде. Бітіруші мектеп түлектерін жан-жақты қамту үшін көрмеге облыстағы 100 аудан мектептерінің оқушылары арасында zoom конференциясы арқылы қосылу да жоспарлануда, бұл 10 500-ден астам оқушынының қатысуын қамтамассыз етеді.
Мақсаттар мен міндеттер:
- Бұл мектеп оқушылары және олардың ата-аналарымен қарым-қатынастың жаңа форматтарын дамытуға мүдделі жетекші университеттер ұсынылған оқу орындары үшін бірегей алаң.
- Көрмеге қатысу білім беру ұйымдарына Абай облысының талапкерлерімен кәсіптік бағдар жұмысын күшейтуге, оларға білім беру бағдарламалары мен заманауи білім берудің бірегей мүмкіндіктері туралы айтып беруге мүмкіндік береді.