Еске сала кетсек, өткен жылы өңірде мектеп оқушыларын иммундау науқаны басталған болатын. Осыған вакцинация оқу орындарындағы медициналық кабинеттерде ата-аналардың міндетті келісімімен, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша емханаларда жүргізілеуде.
2024 жылдан бастап қыз балаларды АПВ-ға қарсы иммундау Ұлттық екпе күнтізбесіне енгізілді. Жатыр мойны обырының кең таралуымен байланысты – Қазақстанда жыл сайын осы аурудың 2 000-ға жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Халықаралық зерттеулердің нәтижесінде вирус таралуын және онкологиялық аурулардың даму қаупін вакцинация төмендететіні дәлелденген.
– Бүгінгі таңда облыста 11-13 жас аралығындағы 3 944 қыз балаға вакцина салынды. Семей қаласында 1 509. Олардың 30%-ы – 11 жаста, 16%-ы – 12 жаста, ал 17%-ы – 13 жаста, – деп мәлімдеді «Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Әділ Қалдыбатыр.
Дәрігерлердің айтуынша, бүгінде АПВ-ға қарсы вакцина әлемнің 135 елінде қолданылады. Бірқатар мемлекеттерде жаппай вакцинация нәтижесінде вирус таралуы әйелдер арасында 90%-ға дейін төмендеген.