Кездесуді партия филиалының аймақтық кеңес мүшесі Ләйлә Оралқызы Ахметқанова жүргізді. Іс-шараға партияның белсенді әйелдер қауымы, кәсіпкер әйелдер және партияның мәслихат депутаттары қатысты. Қатысушылар әйелдердің кәсіпкерліктегі рөлі, бизнесті жүргізудегі кедергілер және мемлекеттік қолдау мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.
Абай облыстық мәслихат депутаты Ахметканов Арман партияның саяси әлеуетінің жоғары екенін және кәсіпкерліктегі мәселелерді шешудің тиімді жолдарын қарастыру қажеттігін атап өтті. Ол өз сөзінде әйелдердің шағын және орта бизнес саласындағы белсенділігін арттыру үшін мемлекет тарапынан қолдау шаралары күшейтілуі тиіс екенін баса айтты.
Партияның Абай облыстық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш партияның мақсат-міндеттері мен сайлауалды бағдарламасына тоқталып, арнайы баяндама жасады. Өз сөзінде:
• «Respublica» партиясы – кәсіпкерлер мен жастардан құралған жас партия. Биыл екі жыл толып отыр. Облысымызда барлық деңгейдегі төрт мәслихат депутаты бар және кәсіпкерлерден құралған аймақтық кеңес жұмыс істейді. Алдағы уақытта партия жанынан Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін кеңес құру жоспарда бар. Осыған орай, сіздермен кездесуді жөн көрдік, - деді.
Кездесуде кәсіпкер әйелдер өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Олар бизнесті жүргізу кезінде кездесетін әкімшілік кедергілерді азайту, қаржылық қолжетімділікті арттыру, әйелдерге арналған гранттар мен жеңілдіктер енгізу мәселелерін көтерді. Сонымен қатар, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мақсатында аймақтық деңгейде арнайы оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру ұсынылды.
Қатысушылардың пікірінше, мұндай кездесулер әйел кәсіпкерлердің дамуына серпін береді және олардың бизнес жүргізудегі құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектеседі. Іс-шара соңында қатысушылар алдағы уақытта да осындай кездесулер өткізуді ұсынып, бірлескен ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдірді.
2 сағатқа жетпей
2 сағатқа жетпей
2 сағатқа жетпей
03 ақпан 2025, 15:39
30 қаңтар 2025, 15:40
30 қаңтар 2025, 15:38
30 қаңтар 2025, 14:41
29 қаңтар 2025, 11:18
29 қаңтар 2025, 11:10
29 қаңтар 2025, 11:05
29 қаңтар 2025, 11:02
29 қаңтар 2025, 10:58