USD520.27EUR537.65RUB5.24

Абай облысында «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру жалғасуда: 2025 жылы төрт мектеп пайдалануға беріледі

Кеше 11:32
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы халыққа арнаған Жолдауында сапалы білім алу үшін заманауи жағдайлар жасауға бағытталған «Жайлы мектеп» бағдарламасы туралы бастама көтерді. Абай облысында 2025 жылдың соңына дейін 2700 оқушыға арналған төрт жаңа мектеп ашылады. Сонымен қатар, биыл тағы бір мектептің құрылысын бастау жоспарлануда.
Абай облысында «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру жалғасуда: 2025 жылы төрт мектеп пайдалануға беріледі

«Жайлы мектеп» жобасы - тұрғылықты жеріне қарамастан еліміздің барлық балалары үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа мектептерде тек техникалық жабдықтауға ғана емес, оқушылардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін орта құруға да баса назар аударылады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жеке санитарлық бөлмелері бар кең кабинеттер қарастырылған. Жеделсатылар, пандустар және арнайы бағыттаушы белгілер орнатылған. Әр мектепте психолог, логопед және дефектологтар жұмыс істейді. Жаңа мектептердің басты ерекшеліктерінің бірі - жұмсақ жиһаздармен, кітаптармен, музыкалық аспаптармен және үстел ойындарымен жабдықталған оқушылар мен оқытушылар үшін демалыс орындарының болуы. Сонымен қатар, білім беру мекемелері балалардың қауіпсіздігіне кепілдік беретін заманауи бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған.

2024 жылы Семейде 1200 орындық ІТ-мектеп-лицейі салынды. Бұл қаладағы оқушы орны тапшылығын едәуір қысқартуға мүмкіндік берді. Мектеп заманауи білім беру стандарттарына сәйкес келеді және жаңа технологиялармен жабдықталған. Үш қабатты ғимаратта физика, химия, биология, информатика кабинеттері, мультимедиялық сыныптар, графика және модельдеу кабинеті, сондай-ақ зертханалар, телестудия, смарт-сыныптар, 3D-принтерлер мен робототехника кабинеттері қарастырылған. Мектепте 280 орындық акт залы және 420 орындық асхана бар. 

«Төрт білім беру мекемесі күрделі жөндеуден өтіп, робототехника, химия, биология, физика және STEM-бағыттары пәндері бойынша 56 заманауи пәндік кабинеттермен жабдықталған. Педагогтардың біліктілігін арттыру да маңызды қадам болды. 5 300-ден астам мұғалім тегін біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Бүгінгі таңда Абай облысында орта білім беру ұйымдарының 38% - аудандық және ауылдық мектептер құрайды. Олардың 86-сы жаңғыртылған», - деді облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев.

Жоба қазақстандық өндірушілерді қолдауға да ықпал етеді. Жаңа мектептерге арналған барлық жиһаздарды отандық кәсіпорындар жеткізеді, бұл ұлттық экономиканы нығайтып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашады.

Еліміздің барлық өңірлерінде жаңа білім беру нысандарының құрылысының арқасында қосымша жұмыс орындары құрылуда. 2024 жылдан бастап жаңа салынған мектептерде (Семей қаласының ІТ-мектеп-лицейі) 184 педагог жұмыспен қамтамасыз етілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar