
Алғаш рет заңнамалық деңгейде қамқоршылық органдарының штаттық санының нормативі бекітілді — 5 мың балаға бір маман. Бүгінгі таңда өңірлік қамқоршылық органдарының қызметкерлерінің саны 303-тен 692 адамға дейін артты. 2025 жылы бұл көрсеткішті айтарлықтай ұлғайту жоспарланып отыр, бұл балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсетудің қолжетімділігін арттырып, қамқоршылық органдарының жұмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
«Жаңа штаттық норма көптеген елдерде теңдесі жоқ бірегей қазақстандық тәжірибе болып табылады. Енді қамқоршылық органдарының әрбір маманы қажетті қолдауды қамтамасыз ете отырып, балалармен және олардың отбасыларымен жақын жұмыс істей алады», - деп атап өтті министр Ғани Бейсембаев.
Қазір ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп қамқоршылық органдары қызметінің тиімділігін арттыру үшін әдістемелік ұсынымдар әзірлеуде.